Ынтымақтастық меморандумы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Алматы қаласы білім басқармасының №141 жалпы білім беретін мектеп арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

2021/2022 оқу жылында тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік, консультациялық көмекті жүзеге асыру, дәрістер оқу, семинарлар, тренингтер, мастер-кластар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.  Курстан кейінгі қолдауды институт аға оқытушысы, жаңартылған бағдарлама бойынша тренері Гүлбала Кеніштайқызы жүргізеді.

Қысқы демалыс кезеңінде Критериалды бағалау, кері байланыс пен рефлексия бойынша коучинг пен семинарды офлайн режимінде бастап жүргізуге ұсыныстар берілді.

Мектеп директоры Б.Умбетова мұғалімдер тарапынан туындайтын сұрақтарды талқылап, талдап, әрі қарай сабақтарға қатысу арқылы қолдауға шақырды.

Наши филиалы