«Педагогикалық инновациялар фестивалі» облыстық онлайн-байқаудың қорытындысы

Ссылка на сертификатыhttps://cloud.mail.ru/public/Bikq/LHfkNZgAr

Ссылка на дипломыhttps://cloud.mail.ru/public/3vuW/s9imouTYh

Филиалдың 2021 жылға арналған Жедел жоспарына сәйкес, конкурс туралы Ережеге сәйкес филиал қыркүйек пен қараша аралығында облыстық онлайн-байқауды дайындау және өткізу бойынша жұмыстар жүргізді және 2021 жылғы 30 қарашада қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты – білім беру қызметкерлерінің үздік заманауи педагогикалық тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату;

– үздік авторлық тәжірибені көрсету;

– педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Байқауға қатысуға 8 аудан мен 6 қаладан 196 өтінім келіп түсті, оның ішінде 5 педагог Қарағанды қаласынан. Жарма, Көкпекті, Бесқарағай, Үржар, Шемонаиха және Ұлан аудандарының педагогтері қатысқан жоқ.

Байқауға қатысушылар диплом мен қатысқаны үшін сертификаттың электрондық нұсқасын (материалдары конкурс талаптарына сәйкес келмейтін және 0 балл алған қатысушылардан басқа) филиал сайтынан жүктей алады. Сараптамалық қорытындылар негізінде 3 номинация бойынша «Педагогикалық инновациялар фестивалі» онлайн-байқауының келесі жеңімпаздары анықталды, олар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Нәтижелерді талдау бұл байқаудың өзекті екендігін көрсетеді, педагогтердің кәсіби өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі бекітуіне, олардың кәсіби деңгейін арттыруға, оқу процесінде инновациялық идеяларды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланатын және өзінің практикалық тәжірибесін бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде бөлісуге дайын неғұрлым белсенді және талантты педагогтерді анықтауға ықпал етеді

Бұл байқау жаңашыл идеяларды, инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемелерін пайдаланатын педагогтердің деректер банкін жүйелендіруге және толықтыруға мүмкіндік берді.

Үздік конкурстық жұмыстар «Педагогтер жаршысы»журналында және филиал сайтында жарияланатын болады.

Ссылка: https://cloud.mail.ru/public/dpSP/ttAJV5WoC

Наши филиалы