Айдың үздік қызметкері

2021 жылдың 3 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ «Айдың үздік қызметкері» атағына конкурс өткізілді.

Көпшілік дауыспен әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы Саблукова Татьяна Анатольевна жеңімпаз атанды.

  Т.А. Саблукова филиалда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Филиалда жұмыс істеген уақытында Т.А. Саблукова филиал қызметінің дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтарға арналған «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» педагогтардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасының авторлық ұжымының мүшесі болып табылады. Үстел кітабының әдістемелік өнімін әзірлеуші авторларының бірі – білім беру ұйымдарының тәлімгерлеріне арналған «Тәлімгерлік-бастауыш педагогтың кәсіби қалыптасу құралы».

  Саблукова Т.А. заманауи педагогикалық технологиялар модуліне «Басқару дағдыларының пирамидасы» тақырыбына силлабус әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді.

  Барлық осы кәсіби қасиеттері қысқа мерзімде оңтайлы шешімдерді дайындауды және іске асыруды ұйымдастыруға, жұмыс күнін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

  Татьяна Анатольевнаны «Айдың үздік қызметкері» атағымен құттықтаймыз!  Оқытушылық қызметте табыс тілейміз!

Наши филиалы