Облыстық форум өтті

25 қазан күні Маңғыстау облысы мамандарының ұйымдастыруымен «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесін қалыптастырудағы үштік одақтың рөлі» тақырыбындағы облыстық онлайн форум өтті. Заманауи қоғам қалыптастырудағы мемлекет, қоғам және жеке адамның бірлесуі нәтижесінде туындайтын үштік одақтың маңызын көрсетуде филиалдың шығармашылық тобына облыс мектептерінен 50-ге жуық жұмыс түсіп, сараптау комиссиясының ұйғаруымен 12 мақала таңдалып, пленарлық отырыста тыңдалды.
Форум негізі ұстаздардың үздіксіз кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып, сапалы білім беруде ақпарат алмасу, өзара іс-тәжірибелерін бөлісу арқылы ынтымақпен әрекет етуін көздеді.

Наши филиалы