“Тәуелсіздік мұраты және қайраткер Т.Жүргеновтің рухани мұрасы” атты республикалық дөңгелек үстел”

7 желтоқсанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Б.С.Иманғалиев «Тәуелсіздік мұраты және қайраткер Т.Жүргеновтің рухани мұрасы» атты республикалық дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан мен Орта Азияға ортақ тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық Ағарту комиссары Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына байланысты өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты: ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист, тұғыры биік тұлға Темірбек Жүргеновтің оқу-білім, мәдениет салаларының елімізде өркендеуіне қосқан зор үлесін дәріптеу, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарды ұлықтау.

Іс-шараға қатысқан республиканың ЖОО-ның ғалымдары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ақын-жазушылар, тарих-мәдениет, өнер саласының зерттеушілері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, Темірбек Жүргеновтің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, отандық білім саласына сіңірген еңбектерін, ой-пікірлерін ортаға салды. «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан филиалының кафедра меңгерушісі Б.С.Иманғалиев «Т.Жүргеновтің әдеби-публицистикалық мұрасы» жайлы баяндама оқыды.

Наши филиалы