Байқау – шығармашылық пен кәсіби мүмкіндіктерді ашу жолы

30 қарашада «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан оқу жұмысы және мониторинг қызметі бөлімінің бас маманы К.А.Исентаева, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай елорда мектептерінің география пәні педагогтеріне арналған, “Инновациялық білім беру технологияларын әзірлеу және енгізу” тақырыбында өткен «Үздік жас педагог 2021» байқауында қазылық етті.
Байқау – жас педагогтердің белсенділігін арттыру, әлеуметтік дамудың басым бағыттары жағдайында оқыту әдістері мен технологияларын өзгерту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау комиссиясына Білім беруді жаңғырту орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтынан келген әділ қазылар алқасының шешімімен Инновациялық оқу үрдісінде әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақ берген ҮЗДІК педагогтер анықталды.

Наши филиалы