Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті



30 қарашада «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан зертхана әдіскері В.И.Нурмаганбетова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Шипагер» медициналық колледжінің 5 жылдығына арналған «Медицина. Қоғам. Білім: өзекті мәселелер және заманауи аспектілер» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция мақсаты: педагогтер мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік, ізденіс жұмыстарын дамыту және қолдау.
В.И. Нурмаганбетова “медициналық колледж мамандарын даярлау үшін білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу: мәселелер, оларды шешу жолдары”секциясының сарапшысы ретінде қатысты. Секцияда оқытушылардың медициналық білім беруде инновациялық технологияларды қолдану бойынша зерттеу жұмыстары ұсынылды.
Конференция қатысушылары медицинадағы электронды-цифрлы технологиялар, медициналық білім беруде Research Based Learning (RBL) тәсілін қолдану бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізу тәсілдерімен танысты.

Наши филиалы