ЖАС ПЕДАГОГТІ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ

«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы Павлодар филиалының «Кәсіби қызметке сәтті ену үшін  жас педагогті қолдау жүйесін құру» инновациялық жобасы аясында (жетекшісі Идилуп Айман Төлегенқызы) ү.ж. қарашасында Павлодар қаласының № 18 орта мектебінің жас педагогтеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – оқу материалының мазмұны, сабақтағы тайм-менеджмент, оқушылардың оң уәждемесін қалыптастыру мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында А.Т. Идилуп педагогтердің назарын пәндер бойынша ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлаудың негізгі қағидаттары мен әдістеріне аударды.

Іс-шараға 32 жас педагог қатысты. Олар сабақты жоспарлау, сабақтан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат алды.

Кездесу аясында топтық  жұмыс ұйымдастырылды. Бұл жерде педагогтер қойылған сабақ мақсатына сәйкес оның мазмұнын әзірледі. Кездесудің барлық қатысушылары таным процесіне тартылды: олар сұрақтар қойып, жоспарлаудың проблемалық мәселелері бойынша өз идеяларымен және жұмыс тәжірибесімен белсенді бөлісті.

Семинардың соңында педагогтер мұғалімге сабаққа дайындық кезінде жаңа материалды зерделеу логикасын және дидактикалық материалдың алуан түрлілігін, оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды, оқытудың нысандары мен әдістерін, сабақтың техникалық жабдықталуын ескере отырып, құрылымды ойластыру қажет деген қорытынды жасады. Әрдайым жаңаша – қызықты, тартымды етіп  жұмыс істеу керек, осылайша сабақтың жоғары мотивациясы мен эмоционалды бояуы сақталып тұрады.  

Жас педагогтер алған білімдерін тәжірибеде қолданатынын атап өтіп, алғыстарын білдірді.

Наши филиалы