Облыстық вебинар өтті

     Желтоқсанның 9-ы күні «Өрлеу» БҚО институтында «PISA тапсырмаларын оқу процесіне қалай кіріктіруге болады? Оқу сауаттылығы. Тапсырмаларды талдау» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

   Мақсаты: PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін таныстыру арқылы педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету. Вебинар модераторы Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тәжірибелі  тренер Рысханым Куанаева.

    Алдымен Рысханым Сағынбайқызы «PISA оқу сауаттылығы дегеніміз не?» деген тақырыпқа шолу жасап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Вебинар жұмысына «Өрлеу» БҚО қызметкерлері, аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Шара барысында қалалық №1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гульназ Алипова «Оқу сауаттылығына дайындық барысындағы жадағай және аралас мәтіндермен жұмыс түрлері» тақырыбында баяндама жасаса, №26 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайнагул Кабдешева «Тұтас мәтіндермен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары» атты баяндамасын ұсынды. Іс-шарада тұтас мәтіндермен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары, мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері, сауатты оқи білуге оқушыларды жұмылдыру, оқылымның түрлері туралы кеңінен түсінік берілді.

      Вебинар соңында тыңдаушылар керібайланыс жасап, пікірлерімен алмасты.  Қатысушылар өзекті тақырыпты арқау еткен білікті мамандарға алғыстарын жеткізді.

Наши филиалы