“Кітап оқуға қалай үйретеміз?”атты онлайн вебинар өтті

2021ж. 10 желтоқсан күні «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп «Кітап оқуға қалай үйретеміз?» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.
Жиынның мақсаты: кітап оқуға үйрету жолдарымен танысу және талдау.
Вебинардың модераторы: жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы Ф.Б.Ғалымжанова «Кітап оқуға баулудың жолдары» туралы баяндама оқыды.
«Кітап оқу – рухани әлемге жол» жайлы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ж.С.Маманова айтты.
Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі А.Н.Сайрамбаева және Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Г.Б.Бекмаханқызы жылдам оқу, кітап оқуға қызықтырудың заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстырып, пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараға150-ге жуық қалалық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері, кітапханашылары, әдіскерлері, «Өрлеу» Нұр-Сұлтан педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері, аға оқытушылары қатысты.

Наши филиалы