Әдістемелік көмек

2021 жылдың 04 қарашада Қарасай ауданы “Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептің директоры Смагулова Нургуль Нурмагамбетовна, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Турсынгалиева Арай Нурлановнаның ұйымдастыруымен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, тренер Жакыпова Назима Балапановна жас мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында тренинг өткізді. Аталған іс-шараға жаратылыстану-гуманитарлық пәндері бойынша 60 мұғалім қатысты. Тәжірибелік көмек берудің нәтижесінде осы мектеп әкімшілігі алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытып, игі істерді жалғастырмақ ниеттерін білдірді.

Наши филиалы