Әріптесіміз эксперттік комиссия құрамында

«Елдегі этностардың мемлекеттік тілді үйренуінің тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 355 бірлескен бұйрығы негізінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» республикалық конкурсы өтті.

Конкурсқа «Өрлеудің» Алматы қалалық филиалының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы» меңгерушісі Ибраева Жанар Мухаметкалиевна эксперттік комиссия құрамында әділқазылық жасады.

Конкурс жыл сайын ұйымдастырылады және өткізіледі. Өңірлік деңгейде (Алматы қаласы деңгейінде) қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін айқындау және Конкурстың республикалық кезеңіне ұсынылатын жұмыстарды тексеру комиссиясының құрамында ыждаһатпен төрелік жасаған әріптесіміздің еңбегін жоғары бағалаған қалалық білім басқармасының Алғыс хаты берілді.

Еңбегіңнің еленгені – кез келген мамандық иесін жігерлендіріп, алға жетелейді. Біз де әріптес қуанышына ортақтаса отырып, әрдайым мәртебесінің жоғары болуына тілектестігімізді білдіреміз!

П. Асылбек

Наши филиалы