Шығыс Қазақстан педагогтеріне. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жеткен сый.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген игі істер атқарылуда. Өшкеніміз қайта жанып, өлгеніміз тіріліп, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы сақтап келген асыл мұраларымыз халықпен қауышуда. Сол жанданып жатқан құндылықтарымыздың бірі – жер-су атауларымен қатар көше атаулары мен аялдамалардың аттарының заман талабына сай өзгеруі.

Жер-жерлерде идеологиялық тұрғыдан мағынасы ескірген атаулар өзгеріп, жас ұрпаққа тәрбие, үлгі болатындай жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – Өскемен қаласындағы Шәкәрім (бұрынғы атауы – Ворошилов) көшесі мен Тургенев көшелерінің қиылысындағы аялдаманың «Ұстаздар үйі» аталуы. Ол өз кезегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтына бағыт алған педагогтер үшін таптырмас бағдар болмақ.

Облыстағы ұстаздар қауымы, институт басшылығы мен ұжымы Өскемен қаласы әкімдігіне өз қолдауымен «Тургенев» трамвай аялдамасына «Ұстаздар үйі» деген атауды заңдастырғаны, мұғалімдердің аялдама атауына сәйкес білім ордасын адаспай табуға жәрдемдескені үшін үлкен ризашылық білдіреді.

Наши филиалы