Республика педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті

«ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы еркекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқау хатындағы ерекшеліктердің бірі үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуді жетілдіру мәселесі. Осы құжат аясында «Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушысы Тулекова Айша «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбында республикалық  онлайн семинар өткізді. Іс-шара барысында Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанышбаева Әйгерім, Түркістан облысы  Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Тұрысбекова Жадыра, Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Шыныбаева Индира, биология пәнінің мұғалімі Жанбыршиева Назгул, Павлодар облысы, №3 Успенов жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Жансая оқушының оқу үлгерімін жақсарту және оның оқуға қызығушылығын арттыру туралы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушының артта қалуының себебін зерделеді.

Дина Сейданова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы