«Ұлы Дала Елі» V Республикалық этномәдени Форумы өтті

22 желтоқсан күні  «Өрлеу» – Жамбыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәстүрлі «Ұлы дала елі» V республикалық этномәдени Форумын өткізді. Форум Қазақстанның рухани мұрасын, танымдық қызығушылықты қалыптастыруға және Қазақстан халқының тарихи мәдениетімен таныстыруға бағытталған. Мерейтойлық форум жұмысына М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғалымдары – Құлбарақов Сәмен және Мұқашев Темірбай, Сарыкемер мектеп-гимназия директорының орынбасарлары Қалқабаев Нуркен және Сатыбалдиев Айбол; Қордай ауданынан келген жазушы және ақын Беваз Хафиса және т.б. қатысты. Биылғы жылы форум жұмысына 500-ден астам жұмыс түсті. Бір қуантарлығы, Форум жұмысында мұғалімдер, тіпті тұтас оқу орындары да жылдан-жылға үзбей қатысады. Мұғалімдердің  өздері атап өткендей, форум өскелең ұрпаққа ғана емес, ұстаздардың өздеріне де көптеген пайдалы дүниелер берді.

Жанар Хайрушева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы