Қосымша білім беру ұйымындағы кездесу

Жамбыл – «Өрлеу» тренерлері Тайганбекова Шынармен Смаилова Зере мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Жаңартылған білім беру жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық отырыста Зере Өсербайқызы  «Білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет жүйесінде рәсімделетін құжаттар» тақырыбында  педагог-психолог қызметінің маңызы мен оның жұмысындағы құжаттарды рәсімдеуге байланысты жаңалықтармен бөлісті. Тәжірибелік бөлімде п.ғ.к. қауымд. профессор Шынар Малимбаевна «Қорқынышпен би» тренингі барысында педагог-психологтарға тұлғаның бойындағы қорқынышынан арылуға көмектесетін жаттығуларды орындау тәсілін көрсетті. Сонымен қатар  іс-шара барысында оқушылардың психологиялық саулығын, білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін және рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға бағытталған қауіпсіз білім беру ортасын құруға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер тәжірибе жүзінде жүргізілді. Семинар соңында белсенділер марапатталып, екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатындығы туралы  айтылды.

Кунсулу Таукебаева, ӘжПИ кафедрасының меңгерушісі

Наши филиалы