Өнегелі де үлгілі ұстаз

   2021 жылғы 22 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында «Өнегелі ұстаз» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды («Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің үздік жобасы).

Мақсаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.

   Байқауға СҚО және Орал қаласының білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты. Қатысушылардың 41% – ы ауыл мектептерінің педагогтері. Ең көп өтінім Айыртау ауданынан, М.Жұмабаев ауданынан, Есіл ауданынан, Жамбыл ауданынан келіп түсті.

Ұсынылған жобалар конкурстың бағыттарына сәйкес келеді, өзекті, жоғары практикалық маңызы бар.

Сайыскерлердің құрамын білікті қазылар алқасы бағалады:

– Дәулетова Дариға Оразайқызы, “Өзін-өзі тану” раб тренері;

– Аблина Алия Каратаевна, “Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы” КММ, Өзін-өзі тану пәні мұғалімі;

– Қалиева Бақытгүл Сансызбайқызы, “Жұмабек Тәшенов атындағы № 20 орта мектебі”КММ, Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері”.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары атанды:

– Елманова Ольга Александровна, “Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебі” КММ – I дәрежелі диплом;

– Рахметова Нұргүл Қабитқызы, “Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп” ҚММ  – II дәрежелі диплом;

– Рыжкова Ирина Анатольевна, “Саумалкөл №1 орта мектебі” КММ, Айыртау ауданы – II дәрежелі диплом;

– Аубакирова Айгуль Узбаевна, Михайлова Светлана Хамилевна, “Явленка атындағы №1 орта мектебі” КММ.Т. Позолотина – Кеңес Одағының Батыры”, Есіл ауданы – III дәрежелі диплом;

– Сламбекова Асем Ермековна,”М. Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі” ҚММ  –  III дәрежелі диплом;

– Чернова Екатерина Николаевна, “М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі” КММ  –  III дәрежелі диплом.

– “Өнегелі ұстаз” облыстық байқауының барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз және шығармашылық ізденісі, жоғары шеберлігі мен тәжірибесі үшін алғысымызды білдіреміз! Шығармашылық шабыт және алдағы жеңістер тілейміз!

Наши филиалы