Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

2021 жылдың 25 қарашасында «Өрлеу» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы, Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдеріне «Жүзден жүйрік»облыстық фестиваль-конкурсының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Фестивальдің басты идеясы-орта білім беру ұйымдарының филолог-мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Фестивальдің 2 кезеңі қашықтық форматта өтті: 1 кезең – тест тапсырмалары (тілдерді оқытудың заманауи әдістемесінің білім деңгейін анықтауға бағытталған); 2 кезең – пән бойынша бейнесабақтар әзірлеу.

398 педагогтің ішінен екінші кезеңге тестілеу нәтижелері бойынша 20-25 балл жинаған 146 педагог өтті.

 Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Бұл Фестиваль әрбір педагогке өзінің педагогикалық табыстары мен жетістіктерін көрсетуге және облыстың креативті педагогтарын анықтауға мүмкіндік берді. Ұсынылған бейнесабақтар әдістемелік жаңашылдығымен, практикалық бағыттылығымен және интерактивтілігімен ерекшеленеді.

Наши филиалы