Халықаралық онлайн-семинар

2021 жылғы 25 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ жедел жоспарына сәйкес білім беру жүйесінде цифрлық оқыту құралдары мен робототехниканы пайдалану, өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибені бөлісу мақсатында «Жалпы және кәсіптік білім беруде цифрлық оқыту құралдары мен робототехниканы пайдалану: тәжірибе, проблемалар, перспективалар» тақырыбында халықаралық онлайн-семинары өтті.

Міндеттері:

  1. Цифрлық оқыту және робототехника саласында зерттеулер жүргізуге, техникалық ақпараттармен және бастапқы инженерлік біліммен алмасу үшін  мұғалімдердің назарын аудару.
  2. Жаңа педагогикалық тәсілдер мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жоғары сапалы білім алу үшін, қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік беретін жаңа ғылыми-техникалық идеяларды дамыту.
  3. Қазіргі заманғы робототехника саласындағы отандық идеялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Білім беру мекемелерінің қызметкерлері жалпы саны 257 ден астам семинарда ұсынылған қажетті материалдарды алуға мүмкіндік алды.

Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы, PhD-доктор Мухаметжанова А.З. ашып, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Өрлеу орталығында робототехника бағыты бойынша еліміздегі білім беру мекемелері педагогтерін біліктілікті арттыру курстарынан өткізіп, курс нәтижесі бойынша әдістемелік қолдау жасалып жатқаны жайлы баяндамасымен бастады.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Л.Т. робототехника бойынша мектеп мұғалімдеріне жүргізілген біліктілікті арттыру курстары мен ұйымдастырылған іс-шараларға шолу жасап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шарада білім беру робототехникасындағы өзекті мәселелері қозғалды: білім беру мекемелеренің материалдық-техникалық базасының жасақталуы, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, STEM-технологияның дамуы, педагогтердің оқушыларды олимпиада, жарыстарға дайындау жұмыстары жайлы айтылды.

Семинар қорытындысы бойынша тікелей баяндамасымен қатысқан қатысушыларға институт тарапынан «Алғыс хат» пен сертификаттар табысталып, іс-шара барысында ұсынылған мақалалар электронды материалдар жинағы ретінде институт сайтына орналастырылады.

                 «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Батькаева Г., Садыкова Г.

Наши филиалы