Әдістемелік жұмыс жалғасуда

«Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушысы Мадина Садибекова мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық амалдар» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар жұмысын өткізді. Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды үздіксіз қолданудың тиімді жолдарын ұсыну. Семинар жұмысы аясында мектепке дейінгі жастағы балаларды 4К моделіне сай: сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және ынтымақтастықты және ерте жастан дамытуға бағытталған инновациялық педагогикалық технологияларының маңызы көрсетілді. Іс-шара соңында тәжірибелік бағытта шебер-сыныбы жүргізілді. Кері байланыс барысында қатысушылар «Өрлеу» – Жамбыл ұжымына алғыстарын білдірді.

Жұлдыз Кошербаева, ӘжПИ кафедрасыны аға оқытушысы

Наши филиалы