PISA-2021-ге дайындық. Математикалық сауаттылық

2021 жылдың 25 қарашасында «Өрлеу» Қарағанды филиалы мұғалімдерге арналған «PISA-2021-ге дайындық. Математикалық сауаттылық» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты – PISA-2021 халықаралық зерттеуіне дайындық кезеңінде математика мұғалімдерінің үздік тәжірибелерін курстан кейінгі сүйемелдеу және тарату.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бигельдинова Бакытжан Нагизхановна «Математикалық сауаттылық: PISA халықаралық зерттеуіндегі тест тапсырмаларының құрылымы» тақырыбында баяндама жасады.

Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Ибрагимова Гульнара Каиржановна PISA тестілеуіне оқушыларды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектісін ұсынып, вебинар қатысушыларымен тренинг өткізді.

Жезқазған қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні мұғалімдері Кулагина Клара Каримовна, Сарсенова Айман Серикбаевна математика сабақтарында креативті ойлауды дамытудың тиімді әдістері бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Вебинар қатысушылары шақырылған спикер, Ақмола облысы Астрахан ауданы №2 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі Байғанат Ризагулдің креативті ойлау тапсырмалары арқылы оқушыларды модельдеу дағдыларын дамыту бойынша тәжірибесін аса қызығушылықпен қабылдады.

Факультативтік курс аясында Қарағанды облысы Нұра ауданының «Ы.Алтынсарин» атындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталық) математика пәнінің мұғалімі Искакова Салтанат Досболовна, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы өзінің тиімді тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті.

Қарағанды қаласы М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Оразбаева Роза Жақанқызы математикалық сауаттылықты дамыту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар соңында қатысушылар математикалық сауаттылықты дамыту, ойлау креативтілігін қалыптастырудың тиімді әдістерін пайдалану және оқушылардың PISA тестілеуіне психологиялық дайындығы бойынша ұсыныстар алды.

Вебинарға қатысушылар практикалық құндылықты, тақырыптарды жариялаудағы кәсіби көзқарасты атап өтті, өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін анықтады.

Б.Н. Бигельдинова, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы