Б.Блум таксономиясының негізінде оқушылардың жоғары ойлау дағдысын жетілдіру

2021 жылдың 2-қараша күні «Әдіснама және педагогикалық  инновация» кафедрасының аға оқытушысы, магистр С.М. Шаштыгаринаның ұйымдастыруымен «Б.Блум таксономиясының негізінде оқушылардың жоғары ойлау дағдысын жетілдіру» тақырыбында Ақтөбе қаласындағы Ж.Тәшенов ат. №68 ЖББОМ семинар-тренинг өткізілді. 

Аталған шара барысында  мұғалімдер пән мазмұнындағы оқу мақсаттарының деңгейін, әртүрлі деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды Б.Блум таксономиясы негізінде айқындау, критериалдық бағалау және дамытушы тапсырмаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды мектептерде практика жүзінде қолданудың тиімді тәсілдеріне тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылармен  WORDWALL.net тақтасында рефлексия   жүргізілді. Мұғалімдерге оқушылардың ойлау дағдыларының жоғары деңгейін белсенді түрде дамыта отырып, олардың оқуға деген мотивациясын оңтайландыруға болатындығына бағыт-бағдар берілді.

Наши филиалы