Цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үрдісінде қолдану

2021 жылдың 3 қараша күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе филиалы   кафедраның аға оқытушысы, магистр Б.З.Асанбай         «Цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үрдісінде қолдану» тақырыбында  облыстық онлайн семинар өткізді.

Семинар мақсаты-  цифрлық білім беру ресурстарын оқу үрдісіне қолдануда педагогтарды ақпараттық-әдістемелік қолдау. Семинарға пән мұғалімдері қатысты.  

Семинар барысында оқу үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану әдістемесі, цифрлық білім беру ресурстарын оқу сапасын арттыруда, өзіндік оқу іс – әрекетін ұйымдастыруда,  білім алушылардың оқу сапасының деңгейін бақылауда қолдану тақырыптары қарастырылды. Google jamboard, Padlet интерактивті тақталарымен жұмыс, learning apps.org, Formulator Tarsia- қосымшаларымен практикалық жұмыстар жүргізілді.

Білім алушылардың оқу сапасының деңгейін бақылауда Google қосымшаларында,  quizizz.com бойынша жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Өзіндік жұмыстар орындау арқылы практикалық дағдылары қалыптастырылды.

Семинар соңында педагогтер Padlet тақтасында ауызша, жазбаша кері байланыстар бере отырып, алғыстарын білдірді.

Наши филиалы