«PISA зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

5 қараша күні Мемлекет басшысының ауыл мектептері оқушыларының білім сапасын арттыру бағытында алға қойған міндеттерін орындау мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес Қобда ауылында Қобда ауданының білім беру ұйымдарына «PISA зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар  өтті.

Семинар барысында мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша сауаттылығын дамыту үшін  белсенді оқыту стратегиясын қолдану, PISA талаптарына сәйкес тапсырмалар құру дағдыларын қалыптастыру т.б. сұрақтар қамтылды.

Семинарда Ақтөбе-«Өрлеу» лаборатория меңгерушісі, сертификатталған тренер, магистр Л.Ж.Ермекбаева мұғалімдердің тəжірибесін жетілдірудің басым бағыттарына тоқталып, қойылған сауалдарға нақты жауап берді. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету тәсілдері, сабақты жоспарлаудың өзекті мəселелері мен ерекшеліктері көрсетілді.

Ақтөбе-«Өрлеу» Қобда аудандық білім бөліміне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.

Наши филиалы