PISA зерттеулері аясында оқушылардың креативті ойлау дағдыларын дамыту

5 қараша күні Қобда ауданының білім беру ұйымдары директорының орынбасарларына әдістемелік көмек беру мақсатында «PISA зерттеулері аясында оқушылардың креативті ойлау дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты- білім алушылардың оқу жетістіктерін сыртқы халықаралық бағалауы үшін нақты білім меңгеруге қолдау көрсету.

Семинар барысында оқыту үрдісінде оқушының белсенді оқу ортасын құру, оқу материалдарын меңгеруде қолданатын әртүрлі стратегиялар, оқу материалын есте сақтау және оқылатын материалмен белсенді жұмыс жасау, креативті ойлау дағдыларын дамыту т.б. бойынша әдістемелік көмектер көрсетілді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы кафедраның аға оқытушысы, магистр Б.К.Бухарбаев халықаралық зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері туралы бағыт-бағдар берді. Семинарда кері байланыс жүзеге асырылды.

«Ақтөбе-Өрлеу» Қобда аудандық білім бөліміне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.

Наши филиалы