Қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі

17 қараша күні  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі  М.Т.Адилханова Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының өңірлік Комиссия құрамында төрелік етті.

Конкурсқа  оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Конкурс «Елдегі этностардың мемлекеттік тілді үйренуінің тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 355 бірлескен бұйрығы негізінде жыл сайын өткізілетін болады.

Өңірлік комиссияның шешімімен анықталған жеңімпазды құттықтай отырып, республикалық кезеңде сәттілік, жарқын жеңіс тілейміз!

Наши филиалы