Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтің кәсіби өсуі

2021 жылдың 18 қараша күні  Ақтөбе-«Өрлеу» тренерлері, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. А.К.Каплиева,  магистрлер Б.К.Бухарбаев, А.А.Изтлеуова, М.Т.Адилханова «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ мен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ бірлесіп өткізген   «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтің кәсіби өсуі» тақырыбында Республикалық семинарға қатысты.

Семинардың мақсаты -цифрлық технологияларды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беруде STEM және STEAM – тәсілдерін іске асыру тәжірибесін тарату. Семинар барысында мамандар цифрлық технологияларды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беруде STEM және STEAM – тәсілдерін іске асыру бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынып, заманауи тәжірибелерімен бөлісті.

Республикалық семинарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

Наши филиалы