Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сай 2020-2023 жылдар аралығында «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту» тақырыбындағы тәжірибелік алаңының жұмысы өз жалғасын табуда.

Эксперименттің ғылыми жетекшісі – кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Давлеткалиева Е.С. Координатор: кафедраның аға оқытушысы, т.ғ.м. Асанбай Б.З. Бүгін 19- қараша күні Ақтөбе қаласы, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ жоспарына сәйкес директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары К.Щ.Еспаганбетованың ұйымдастырумен эксперимент аясында «Бұлтты технологияны білім саласында қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында экспериментке қатысушы 10 «А» класс оқушылары және эксперимент мүшесі математика пәні мұғалімі Ж.Б.Суханбердиева интернет сервистері мен бұлтты технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Наши филиалы