Тәрбие сағатында – ХХІ ғасыр індеті

Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні, 1-желтоқсан  Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай, Ақтөбе қаласы  Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында, биология пәні мұғалімі Сатанова Сандуғаш Талғатқызының ұйымдастыруымен 7- сынып оқушыларына «ЖҚТБ- ғасыр дерті» тақырыбында арналған тәрбие сағаты өтілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – адамзат өміріне қауіп тудыратын вирус ЖҚТБ /СПИД/ дертінің алдын – алу, салауатты өмір салтты нығайтуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатқа онлайн режимінде,  «Ақтөбе-Өрлеу» институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қ.Каплиева қатысып, 20-ғасырдан бастау алған бұл дерттің негізгі ерекшелігі мен қазіргі уақыттағы маңызына тоқталып өтті.

Тәрбие сағатында оқушыларға, ЖҚТБ – пайда болуы, жұқтырудың жолдарын, иммундық тапшылықтың белгілерін, түрлі зерттемелердің жүйелерімен таныстырылды. Тәрбие сағаты оқушылардың өзіндік дайындаған ой-тұжырымдамаларымен бөлісу арқылы қорытындыланды.

«Ақтөбе-Өрлеу» институттың эксперимент алаңы, мектеп ұжымына тәрбие сағатқа қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін Алғыс білдіреді!

Наши филиалы