Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Кулен Фарида «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» тақырыбында Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесінің педагогтерінің съезіне қатысты. Съезд жұмысына қатысушылар саны 300-ден астам болды. Съезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, кәсіптік және мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің жеке басының өсуі, білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы және басқа мәселелер қаралды. Съезд жұмысы төрт секция бойынша ұймдастырылды: «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны», «Сапа өлшемшарттары және менеджмент», «Ойын – баланың негізгі әрекеті мен дамытудың негізгі құралы» және «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі».

Айгуль Абилова, ст.преподаватель кафедры МиПИ

Наши филиалы