Мектеппен серіктестік аясында

Тараз қаласының №32 мектебі базасында облыстың әлеуметтік-педагогтеріне арналған көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара толыққанды мақсатына жету үшін топ тренері Смаилова Зере «Әлеуметтік педагогтің ерекше білім беру  қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі қызметі» тақырыбындағы дәріс арқылы теориялық материалмен таныстырып, талқылау жұмыстарын жүргізді. Тәжірибе алмасу барысында мектеп ұжымы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету кабинеттеріндегі жеке және жалпы білім беретін бағдарламамен жүргізілетін жұмыстарды таныстырды. Сонымен қатар үйде оқытылатын балалардың психологиялық ерекшеліктері мен оларды әлеуметтендіру бойынша логопед, дефектолог және әлеуметтік педагогтің жұмыстарымен танысты. Нәтижесінде курс тыңдаушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жауап алды, өзекті мәселелерді талқылады.

Андия Беисенкулова, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы