Жаңа модель – мектепке дейінгі ұйымда

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының  аға оқытушысы Мадина Садибекова Тараз қаласы №8 бөбекжай-бақшасының ұжымына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында семинар жұмысын өткізді. Семинар жұмысы жаңа модель бойынша мектепке дейінгі ұйым педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.  Семинар барысында балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қаракөз Тұйғынбаева баланы мектепке дайындауда интерактивті тақтаның рөліне тоқталды. Ортаңғы топ тәрбиешісі Айгерим Кендебайқызы баланы дамытуда ойын технологиясының рөлі туралы баяндады. Институттың аға оқытушысы Мадина Садибекова балабақша педагогтерінің тәжірибелерінде инновациялық технологиларын тиімді пайдалану жиілігін анықтауда  топтық жұмысын жүргізіп, кездесетін мәселелерді анықтап, мәселерді шешудің тиімді әдістері ұсынды.

Жулдыз Кошербаева, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы