Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің съезі өтті

2022 жылғы 25 ақпанда Көкшетау қаласында ҚР Білім және ғылым министрі А. К. Аймағамбетовтың қатысуымен ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» съезі өтті.

Пленарлық отырыста Аймағамбетов А.Қ. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің жай-күйіне қысқаша шолу жасап, жаңа талаптарды ескере отырып, оны дамытудың стратегиялық бағыттарын белгіледі.

Съезд 300-ден астам адамдарды біріктірді. Олар – ҚР БҒМ Балаларды ерте дамыту институтының эксперттері, облыстардың білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімдерінің, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің басшылары мен мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтары, ЖОО мен педагогикалық колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институттарының мамандары, Педагогикалық шеберлік орталығының, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкіметтік емес ұйымдардың және баспалардың мамандары.

Съезде төрт секция жұмысы ұйымдастырылды. «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі» секциясының модераторы Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» институтының кафедра меңгерушісі, PhD докторы Ибрагимова Г.К. болды. Секция шеңберінде мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен сапасы туралы заманауи түсініктерге сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелері қаралды. Секция қатысушыларының ұсыныстары Съезд резолюциясына енгізілді.

Ибрагимова Г. К., жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы

Наши филиалы