1 маусым-ерекше күн

1 маусым-ерекше күн: жайдарлы жаз бәріміз үшін есігін айқара ашады, сол күні біз балаларды қорғаудың ең жарқын және мерейлі мерекелердің бірін атап өтеміз. Таңертең саябақта әжелердің, ата-аналардың, оқушылардың бақытты жүздері және де әсем әуен, құшақ-құшақ әдемі гүлдер, балалардың риясыз сыңғырлаған күлкісі естіледі! Бүгін Республикалық пәндік олимпиадада және басқа да маңызды іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған үздік оқушыларға құрмет көрсетілді. Біз жүлдегерлердің көптігімен, жеңімпаз мектептердің әр түрлі географиясымен мақтанамыз. Ұйымдастырушыларға әсерлі балалық шақ мерекесі үшін алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ “Өрлеу” – Ақтөбе ұжымы қызметкерлерінің балаларына көңіл бөліп, сыйлық табыстағаны үшін біздің институт кәсіподағына шын жүректен ризашылығын білдіреді!

Наши филиалы