Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сабақтарда жоғары сынып оқушыларының өз бетінше қызметін ұйымдастыру

«Өрлеу» БАҰО» АҚ кәсіби даму институты Жамбыл облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Абилова Айгуль Тараз қаласындағы №6 орта мектепте «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сабақтарда жоғары сынып оқушыларының өз бетінше қызметін ұйымдастыру арқылы оқу-танымдық құзыретін дамыту» тақырыбындағы қалалық семинар-практикумға қатысты. Абилова Айгуль «Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сыныбын өтті. Семинар барысында мектеп педагогтері ағылшын тілі, тарих, қазақ және орыс тілдері пәндерінен жоғары сыныптарда ашық сабақтар көрсетті.

Фарида Кулен, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы