Орыс тілі, тарих, математика, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді (бюджеттік)біліктілікті арттыру курстары офлайн режимінде басталды

2022 жылдың 1 наурызында “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіптік даму институтында орыс тілі, тарих, математика, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді (бюджеттік)біліктілікті арттыру курстары офлайн режимінде басталды.

Біліктілікті арттыру курстары барысында тыңдаушылар заманауи білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілерін , оқытудың, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін, IT-технологиялар мен цифрлық ресурстарды (интернет-платформалар, бағдарламалар, қосымшалар, цифрлық білім беру ресурстары және т. б.) пайдалану жөніндегі практикалық дағдыларды қарайды.

Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде: өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын-сабақтың презентациясы (шағын іс-шаралар), қорытынды тестілеу және т.б. өткізілетін болады, филиалдың ПОҚ педагогтердің қолда бар білімдерін жүйелейді , барынша ақпараттық , мазмұнды, танымдық курстар ұсынады.

Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!

Наши филиалы