Педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған курстар

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс» – деп атап көрсеткен болатын. Бүгін, ағымдағы жылдың бірінші тамызынан бастап педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған біліктілікті арттыру курстары басталды. Жаңа бағдарламалар педагогтердің сұраныстарына сәйкес пән бойынша күрделі тақырыптарды тереңдетіп меңгертуге арналған.  Жамбыл-Өрлеу оқытушылары оқыту семинарлары барысында курс өткізу талаптарымен, тыңдаушылардың тапсырмаларын құрастыру кезіндегі кодификаторлармен, қалыптастырушы бағалау мен орта мектептегі күрделі тақырыптарды зерделеуге бағытталған интерактивті оқу қызметінің түрлерімен танысты. Педагогтердің  жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне тілектеспіз!

Наши филиалы