Облыстық вебинар өтті

2022 жылдың 31 қаңтар күні «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен көркем шығарманы креативті оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану бағытында әдістемелік нұсқау беру, білім алушылардың оқырмандық әлеуетін арттыруға, Жаңа Қазақстанның жаңа азаматтарының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға игі ықпал ету мақсатында «Әдебиет әлемінде: І.Жансүгіров шығармаларының («Құлагер») тілін оқып үйрену, жаңашылдығы және дәстүр жалғастығы» тақырыбында ұйымдастырылған вебинарға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының педагогикалық қауымдастығы қатысты. Креативті оқу әдістері білім алушылардың өз бетінше оқып, зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізуге жол ашатындығы, көркем шығарманы оқуға ынталандырудағы маңыздылығына мән берілді. Мектеп бағдарламасындағы шығармалардың дені, негізінен, зерттелген, талданған болып келетіндігін, көркем шығарманы толық оқымаған жағдайда композициялық құрылысына, т.б. талдау жасай алмайтындығын назарға алу, мұғалім міндеті тек нақты сілтемелерді дұрыс бере алу, үнемі қолдау (әсіресе, талантты, дарынды) көрсетіп отыру мәселелері қарастырылды. Кейбір мұғалімдер үшін күрделі болып саналатын оқу мақсаттары (екеуі) нысанаға алынып, тәжірибемен ұштастырылды. Нақтылап көрсеткенде, мәселен, тақырыбымыз бойынша әдебиет теориясын зерттеуші ғалым З.Ахметовтің «Поэзия шыңы даналық» еңбегінде (127-129 б.) Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының жаңашылдығы (соны тіркестері, т.б.) қарастырса, «Таңдамалы шығармалары» 1-томында (276-277 б.) біз үшін құнды ақын, жазушы шығармаларының заманауи жаңашылдығын бағалаудың әдіс-тәсілдері ұсынылғандығы жіті назарға алынды (екі еңбек те қолжетімді), нақты мысалдар, талдау үлгілері, оқушыға қолдау көрсету үлгілері ұсынылды. Ал сыншы (мақалада Ілияс Абай дәстүрін жалғастырушы, әрі…) М.Қаратаев, Т.Кәкішевке сілтеме беруге болатындығы, Т.Әлімқұловтың «Көк қаршыға» әңгімесімен салыстыруға болатындығы, т.б. жөнінде әдістемелік нұсқау берілді. Іс-шара соңында мұғалімдер ой-пікірлерін ортаға салып, сындарлы кері байланыс берілді. Вебинарды ұйымдастырған кафедраның аға оқытушысы Л.Жанысбекке өз алғыстарын айтты.

Наши филиалы