KazRoboSport-2022

Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «ҚазРоботикс» федерациясының қолдауымен балаларды қорғау күні қарсаныңда «KazRoboSport-2022» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

 СҚО бойынша Кәсіби даму институтының білікті қызметкерлері аталмыш байқаудың облыстық кезеңінде төрешілік міндеттің атқаруға шақырту алды.

Чемпионаттың мақсаты: Қазақстанда балалар мен жастар арасында оқу және спорттық робототехниканы дамыту және танымал ету. 2022ғы маусым чемпионатының санаттары:

– биатлон (жас ерекшеліктеріне қарай 10-14 жас және 15-18 жас);

–  сумо 10*10 (жас ерекшеліктеріне қарай 14-17 жас және 18-21 жас).

Бір раундтың максималды ұзақтығы – 2 минут.

Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері Республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайды.

Робосумо 10*10 (14-17 жас) санаты бойынша «KazRoboSport -2022» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іріктеу кезеңінде төрешілік атқарған үшін филиалымыздың қызметкерлері сертификатпен марапатталды.

Наши филиалы