Сабақ үдерісіндегі белсенді әдістердің тиімділігі

«Өрлеу»  – Жамбыл филиалының физика пәні тренері Каркабаева Парида 01 ақпан күні  Жамбыл  облысы мен Тараз қаласы мектеп мұғалімдеріне  облыстық онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында қатысушылар оқыту мен оқу тәсілдері, бүкіл топ орындайтын жұмыс, шағын топтағы жұмыс, жеке жұмыс және оқу, ширату жаттығулары, топ болып талқылауды меңгеру бойынша тиімді кеңестер алды. Кері байланыс барысында жалпы білім беретін мектептердің педагогтері тиімді оқыту мен оқу, сабақ үдерісіндегі белсенді әдістер бойынша тәжірибе алмасып, қарастырылып отырған мәселе бойынша сұрақтар беріп, тренер тарапынан берілген сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Осылайша, семинарға қатысқан мұғалімдер белсенді әрекет ете отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ғылым негіздерін игеруге, белгілі бір білімдерді, дағдылар мен іскерліктерін қалыптастырып, оқушының рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдіріп, еңбек және кәсіби дағдыларын дамытуда аянбай еңбек ету қажет екенін меңгерді.

Бибі Скакова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы