Химия сабақтарында оқушылардың soft skills табысты қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында “Өрлеу” БАҰО “АҚ тыңдаушылары үшін” химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту “Біліктілікті арттыру курсы аясында Ақтөбе қаласындағы №20 жалпы орта білім беретін мектеп базасында “Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқу үдерісінде soft skills қалыптастыру” семинары өткізілді. Іс-шара Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к., Е. С. Давлетқалиеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Семинар барысында педагогтердің пәндік-әдістемелік құзыреттері, цифрлық даму саласындағы softskills жеке құзыреттері, білім беру процесінде цифрлық құзыреттілікті ұйымдастыру мәселелері қаралды. Семинардың практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды

Практикалық бөлімде мектеп педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақты модельдеудің жаңа тәсілдері, мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін дамыту, химиялық мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Химия мұғалімдері Пащенко Н.А., Озерной О. А. белсенді қатысты..

Мұғалімдер мен жас педагогтар арасында сындарлы пікір және тәжірибе алмасу өтті. Оқушылардың жаратылыстану пәндерін оқу, тиімді сабақты жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу процесінде soft skills қалыптастыру бойынша бірқатар ұсынымдар ұсынылды.

Наши филиалы