Блум таксономиясы негізінде пән бойынша оқу тапсырмаларын жасау

«Өрлеу» – Жамбыл оқытушысы Айша Тулекова 2 ақпан күні облыс педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында педагогтер қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздей жасауды қарастырды және топтық жұмыста  «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге болады ма?», «Дескриптор дегеніміз не және оны әзірлеу барысында нені ескеру керек?» деген сұрақтар төңірегінде диалогқа түсіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер тапсырма әзірлеудің (жоспарлау, құрастыру, сараптау, қолдану, талдау) сияқты бірнеше кезеңдеріне тоқталды. Дескрипторлар тапсырманы орындауда оқушыға нақты қай жерде қиын болғанын анықтауға мүмкіндік беретіні туралы да қарастырылды. Тапсырма әзірлеу барысында оқу мақсаттарын, бағалау критерилерін есте ұстау және тиімді практикалық тапсырма құрастыруға ықпал ететіні туралы сөз болды. Семинар соңында педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға кері байланыс беріліп, рефлексия жүргізілді. Семинар қатысушылары әдістемелік маңызды семинар өткізгені үшін «Өрлеу» – Жамбыл ұжымына алғыс білдірді.

                                  Сағадат Қарымбаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы  

Наши филиалы