Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы робототехника

«Өрлеу» Қостанай филиалы робототехниканы оқытуда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау мақсатында «Балабақшадағы робототехника мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде» тақырыбы бойынша оқыту семинар ұйымдастырып өткізді.

Бүгінгі таңда робототехника алгоритмдік, шығармашылық ойлауды дамытудың тиімді құралы ретінде, сонымен қатар нақты пәндерді тиімді оқуға мүмкіндік беретін пәнаралық тәсіл ретінде мектеп оқушыларын оқыту процесіне тиімді енгізілді. Робототехника бастауыш мектепте нәтижелі қолданылу үшін білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты ұйымдастыру, яғни мектепке дейінгі жасынан бастап балаларды сызықтық алгоритмдердің құрылымымен таныстыру және сонымен бірге құрастыруға, модельдеуге үйрету маңызды.

«Балабақшадағы робототехника мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде» семинарында оқу процесінде қолдану үшін оңтайлы жиынтықты таңдауға, танымдық қызығушылықты дамыту және балаларды оқу қызметіне тарту мақсатында робототехникалық жиынтықтармен сабақтар құруға байланысты мәселелер қарастырылды. Жұмыс барысында педагогтер тәжірибе алмасып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ online режимде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін ең көп таралған роботтарды бағдарламалау процесінің қалай жүріп жатқанын көре алды.

Наши филиалы