Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту

2022 жылы 17-27 қаңтар аралығында «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты “Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбында курс өткізді.
Дәріс оқығандар: Өрлеу – Нұр-Сұлтан кафедрасының аға оқытушысы Тусупова Г.У және Өрлеу – Жамбыл кафедрасының аға оқытушысы Абилова А.Б.
Курсқа Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Тыңдаушылардың пікірлері мен алғыстары – 72 сағат ішінде оқу қызметін ұйымдастыруда акт – технология дағдыларын қолдануға және цифрлық ресурстарды қолдана отырып жобалау жұмыстарының дағдыларын үйреткен оқытушылардың жоғары кәсібилігін көрсетеді.

Наши филиалы