Тірек балабақшалармен жұмыс

«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының жетекші тірек мектебінің бірі Түлкібас ауданы, «Айзере» бөбекжай – балабақшасының базасында 2022 жылдың 29 сәуірінде «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: жаңартылған білім мазмұны аясында жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану және үздіксіз тәрбие мен білім сапасын арттыру. Семинар 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім тәжірибелік бөлім болды. Бұл бөлімде кіші, ортаңғы, ересек және МАД топтарында «Қызықты математика», «Күн, су, ауа – біздің достарымыз», «На бабушкином дворе», «Спорт менің өмірім» және т.б. тақырыптарда ашық оқу қызметтері көрсетілді.Екінші бөлімде ТО БДО әдіскері З.Кеутаева «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі» тақырыбында шебер сынып өткізді. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Жаратылстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Л.Медетова «Мектепке дейінгі ұйымда 4К моделін іске асыру жолдары» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Қорытынды бөлімде балабақша меңгерушісі Б.Юсупова сөз алып, семинарға қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, келген қонақтарға рахметін айтты.Семинардан кейін «Айзере» бөбекжай балабақшасы педагогтарының қиындықтар аясын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды, әрі қарай жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланды.

Наши филиалы