Орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған курс

«Өрлеу» – Нур-Султан Кәсіби даму институты орта мектептегі орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Развитие функциональной математической грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA» атты курсын жалғастыруда. Курс тренері Боранбаева Ляйля Каирбековна Нұр-Сұлтан қаласының 25 математика пәні мұғалімдерін жаттықтырып, кәсіби құзыреттілігін дамытуда.
Курс барысында тыңдаушылар РІЅА білім алушыларының білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеу тұжырымдамасымен, еліміздегі білім сапасын бағалау нәтижелерімен, математикалық сауаттылықты дамыту бойынша оқу тапсырмаларының ерекшеліктерімен, құрылымымен және бағалануымен танысады. Тыңдаушылар оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, оқу сабағына енгізу үшін PISA тапсырмаларын құрастыруды үйренеді.

Наши филиалы