«ТРЕНЕР-EDUCATION» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналының екінші нөмірі шықты

“Өрлеу” Қостанай филиалында “ТРЕНЕР-EDUCATION”республикалық ақпараттық-әдістемелік журналының кезекті нөмірі шықты.

Жаңа басылымды педагогика ғылымдарының кандидаты А. З. Бежанишвилидің қазіргі жағдайда мұғалімнің кәсібилігін дамыту туралы мақаласы ашады, онда автор педагогтің инновациялық кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін көтереді.

Журналда оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі туралы көптеген мақалалар ұсынылады. Тұлғаның  отбасылық және рухани-адамгершілік тәрбиесінің мәселелері қарастырылады, оқу-тәрбие үрдісіндегі мұражай тәжірибесінің рөлі сипатталады, латын әліпбиіне көшу мәселелері талданады, өндірістік оқытудың ерекшеліктері талқыланады.

Жаңа шығарылымда қазақтың ұлы ағартушылары: Абай, Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Сералиннің педагогикалық мұрасын зерттеуге көп көңіл бөлінген.

Шығарылыммен сілтеме бойынша танысуға болады: https://library.orleu-edu.kz/product/%d1%82%d1%80%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d1%80-education-%e2%84%96243-%d0%b8%d1%8e%d0%bd%d1%8c-2022/

Наши филиалы