Кәсіби және басқарушылық құзыреттілікті арттыру

2022 жылдың 28 ақпанынан бастап Өрлеу ББЖҚБАРИ-ң “Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы Тен Алира Сунтаковнаның жетекшілігімен білім беру ұйымдарының директорларына арналған “Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент” тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

Курстың негізгі мақсаты білім беру ұйымдары басшыларының білім беру процесіне инновациялық процестерді енгізудің, сапа менеджменті жүйесін қолданудың проблемалық мәселелері бойынша кәсіби және басқарушылық құзыреттерін, жылдам өзгермелі әлемдегі мектептердің бәсекеге қабілеттілігі үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға толық жиынтықталған мектептердің көшуі жағдайында қаржылық сауаттылықты арттыру болып табылады.

Наши филиалы