Функционалдық сауаттылық аясындағы шығармашылық ойлау

«Өрлеу» – Жамбыл 2 ақпан күні  Тараз қаласының №55 орта мектеп базасында пән  мұғалімдеріне  оқыту семинарын өткізді. Іс-шара барысында  қатысушыларға халықаралық зерттеу бойынша барынша жаңа, тың ақпараттар беріліп, 2009  және 2018 жылдар бойынша талдау жасалды. Негізгі бағыттар бойынша тапсырмалар әзірленіп, талқыланды. Сонымен қатар өзекті болған жаңа бағыт бұл шығармашылық ойлау бойынша мәліметтер берілді. Практикалық бөлімде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында бірнеше  тапсырмалар құрастырып, жұмыс жасады. Филиал тренерлері жұмыс кезеңдеріне, логикалық есептер мысалында идеяларды жүзеге асырудың ерекшеліктері мен жолдарына тоқталды. Бірлескен пікірталас шығармашылық ынтымақтастық атмосферасында өтті.

Гүлхан Аманова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы