Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

«Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша филиалы директоры м.а. Цой Наталья мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты КММ  директоры Сламбеков Ерлан өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізу; білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; білім алушылар мен педагогтерге ғылыми кеңес беруді ұйымдастыру; тәжірибе және біліммен алмасу және т.б. жоспарланды. «Өрлеу» – Жамбыл жаңа әріптестерімізге біздің қатарымызға қош келдіңіздер дей отырып, табысты да жемісті жұмыс істейміз деп  сенеді.

Аманкуль Есмырзаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы